Jerusalem Post газетінің жазуынша, 35 адам жарақат алған, оның ішінде ауыр жараланған 10 жасар бала бар.
Израильдің Өрт сөндіру және құтқару қызметі елдің орталық бөлігінде бірнеше өрт болғанын хабарлады.
Израиль баспасөзінің хабарлауынша, жарылыстардың дыбысы елдің орталығындағы түрлі аймақтарда естілген.
Иранның мемлекеттік баспасөзі шабуылдың Хайфада болғанын мәлімдеді, Израиль тарапы да Хайфада жарылыс болғанын растады, бірақ оның салдары туралы әлі сенімді ақпарат жоқ.
Қазіргі кезде Израильде дабыл тоқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу