Иран Қазақстан тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін тапсырды

739

Ақордадағы кездесуде Қазақстан мен Иран Президенттері мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыру мәселесін де талқылады.  

Иран Қазақстан тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін тапсырды Фото: akorda.kz

Қазақ тарихына қатысты құнды қолжазбалар үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран делегациясына алғысын білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Иранның мұрағаттарында қазақ тарихына қатысты көптеген жәдігер сақталған. Ғалымдарымыз әл-Фараби мұрасын бірлесе зерттеуді қолға алды. Қазақ жерінде ұлы ойшылға арналған тарихи-мәдени кешен салу мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, бүгін Иран делегациясы Қазақстан тарихына қатысты бірқатар құнды ескі қолжазбаның көшірмесін ала келді. Сол үшін Сізге зор ризашылығымды білдіремін. Бұл қадам қос халықтың тарихи байланысының терең екенін дәлелдей түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар екі елдің рухани құндылықтарын кеңінен таныстыру үшін алдағы жылдары Мәдениет күндерін өткізу, жоғары оқу орындары арасында студент алмасуды жандандыру, медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық өндіріс орындары арасында серіктестік орнату жөнінде уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу