Иранның атом энергетикасы жөніндегі агенттігі Қазақстаннан 950 тонна уран концентратын сатып алуды көздеп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Концентратті жеткізу үш жыл көлемінде жүзеге асырылады. Бұл туралы ұйымның басшысы Али Акбар Салехи мәлім етті.
Ол осыған дейін 149 тонна уран концентратын жеткізу жоспарланғанын тілге тиек еткен болатын, дегенмен жеткізуші елдің аты аталған жоқ.
"650 тонна екі жыл көлемінде екі кезекпен жеткізіеді. Қалған 300 тонна Иранға үшінші жылы жеткізіліп, UF6 газына айналдырылған соң қайтадан Қазақстанға жөнелтіледі. Ол үшін Иран ақша алады", – деп мәлім етті Салехи.
Оның айтуынша, Иран алғаш рет өндірістік уран гексафторидін саудаламақшы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу