Иран құрамасы әлем чемпионатына әлі де баруы мүмкін

270

Бұған дейін ел билігі жаһандық додаға қатысты маңызды мәлімдеме жасаған еді. 

Иран құрамасы әлем чемпионатына әлі де баруы мүмкін Фото: IMAGOMatthias Koch, GlobalLookPress

Ал Азия футбол конфедерациясы Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысудан бас тартқаны жөнінде ешқандай ресми хабарлама алмағанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізінен, түпкілікті шешімді Иран футбол федерациясы қабылдауы қажет. Мұны ұйымның бас хатшысы Виндзор Джон айтып отыр. 

Осыған дейін Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали ұлттық құраманың күллі әлем көз тігетін мундиалға бармайтынын байқатты. Ал АҚШ Иранды бәсекеге ашық шақырып, жарысқа қатысуға болатынын мәлім етті.

Азия футбол конфедерациясы Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысқанын құптаған. 

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатында Иран құрамасы Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен бақ сынасады. Ойындар АҚШ-тың Инглвуд және Сиэтл қалаларында өтеді деп болжанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу