Иран мен АҚШ Пәкістандағы келіссөздерде мәмілеге келе алмады

115

АҚШ пен Иран арасында ядролық бағдарламаға қатысты өткен келіссөздер нәтижесіз аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.

Иран мен АҚШ Пәкістандағы келіссөздерде мәмілеге келе алмады Фото: rbc.ru

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің мәлімдеуінше, тараптар арасында ортақ келісімге қол жеткізілмеген.

Келіссөздер Пәкістан астанасы Исламабадта өтіп, 21 сағаттан астам уақытқа созылған. Дегенмен, Тегеран АҚШ ұсынған талаптарды қабылдаудан бас тартқан.

– Біз ирандықтармен мазмұнды пікірталастар жүргіздік, бұл – жақсы жаңалық. Бірақ негізгі мәселе бойынша келісімге келе алмадық. Бұл жағдай Иран үшін АҚШ-қа қарағанда әлдеқайда күрделірек болуы мүмкін, – деді Джей Ди Вэнс.

Оның айтуынша, Вашингтонның басты талабы – Иранның ядролық қару әзірлемейтініне нақты кепілдік беру. Алайда келіссөз барысында АҚШ тарапы Тегераннан мұндай міндеттемені көрмеген.

Вице-президент АҚШ Президенті Дональд Трамптың негізгі мақсаты Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін атап өтті.

Келіссөздер нәтижесіз аяқталғаннан кейін Джей Ди Вэнс Пәкістаннан кеткені хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу