Иран мен Ауғанстан шекарасында 10 шақырымдық қабырға тұрғызылды

340

Иран биыл ауғаннан қанша босқын қабылдады?

Иран мен Ауғанстан шекарасында 10 шақырымдық қабырға тұрғызылды Фото: spiegel.de

Иран әскері елді мигранттар ағынынан қорғау үшін Ауғанстанмен шекарада 10 шақырымнан асатын қабырға тұрғызды. Бұл туралы Al Arabiya хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Иран мен Ауғанстанның ортақ шекарасы 900 шақырымнан асады және босқындар үнемі ол жерден өтеді. Ауғанстандық мигранттар ағыны 2021 жылдың тамызында Талибан Ауғанстан үкіметін басып алғаннан кейін артты.

– Шекара қабырғасының 10 шақырымнан астамы салынды, тағы 50 шақырымын аяқтау қажет, – деді Иранның құрлықтағы күштері қолбасшысының орынбасары генерал Нозар Немати.

Ауғандық мигранттар саны туралы ресми мәлімет жария етілмеген, бірақ парламент мүшесі Аболфазл Тораби олардың саны 6 миллионнан 7 миллионға дейін жететінін хабарлады.

Жақында үкімет заңсыз босқындарға қарсы күресті күшейтіп, олардың шығыс шекарадан жүйелі түрде шығарылатынын хабарлады.

– Шекараны жабу арқылы біз елге кіру-шығуды бақылауға алып, шекаралас аймақтардағы қауіпсіздікті күшейткіміз келеді, – деді Немати.

Қыркүйекте Иранның ішкі істер министрі Ескандар Момени Иран шекараны жабу үшін қабырғаға қосымша тікенек сымдар мен су толтырылған арықтарды қолданатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, қыркүйектің 13-і күні Парламент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Ибрагим Резай полицияның жақын арада екі миллионнан астам заңсыз азаматты елден шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

Мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың наурыз айынан бері Иран 2,7 миллионнан астам ауған босқынын қабылдаған.

Бұл – елдегі заңды мигранттардың 97 пайызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу