Иран мен Франция ядролық келісімге қатысты мәмілеге келуде

1033

31 тамызда қос елдің көшбасшылары телефон арқылы сөйлесіп, әңгіме барысында Иран президенті Тегеранның қыркүйекке белгіленген ядролық келісімдерді қысқартудың үшінші кезеңін болдырмау мүмкін екенін айтты. 

Иран мен Франция ядролық келісімге қатысты мәмілеге келуде

Тегеран мен Париждің ядролық келісімді орындау туралы ойлары ақырындап бір жерден шығып келеді. Бұл туралы Иран үкіметінің ресми өкілі Әли Рәбии жариялады. 

"Соңғы апталарда Иран мен Франция президенттері бірқатар келіссөздер өткізді. Қуанышқа орай, бірнеше мәселеге қатысты пікірлері бір жерден шықты", – деді Әли Рәбии. 

31 тамызда қос елдің көшбасшылары телефон арқылы сөйлесіп, әңгіме барысында Иран президенті Тегеранның қыркүйекке белгіленген ядролық келісімдерді қысқартудың үшінші кезеңін болдырмау мүмкін екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Иран 2015 жылы жасалған келісім бойынша міндеттемелерді қысқартатынын Вашингтонның осы келісімнен шығып, Иранға қарсы санкцияларды жариялағанынан кейін хабарлаған еді. Ал Еуропалық қатысушылар бұл келісімді сақтап қалуға тырысып бағуда. 

Соңғы айларда Франция мен Иран саяси диалог жүргізіп келеді. Бұған дейін Франция президентінің көмекшісі Тегеранға іссапармен келіп, қос мемлекеттің басшылары бірнеше мәрте телефон арқылы сөйлесті. Айта кететін жайт, көшбасшылар келісімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстармен өзара алмасты. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу