Иран мен Ирак мұнай-газ кен орындарын бірлесіп игеру туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы ИРи мемлекеттік теледидарында Иран мұнай министрі Джавад Оуджи хабарлады.
Оның айтуынша, келісім энергетика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ мұнай және газ кен орындарын бірлесіп игеруді көздейді.
"Келісім шеңберінде сондай-ақ газ және мұнай құбырларын салу, Ирак мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру және жаңғырту көзделіп отыр", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу