Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі уақытта Иранда шамамен 50 қазақстандық бар.
Олардың басым бөлігі – дипломатиялық миссия қызметкерлері, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Біздің дипломаттар жоспарлы режимде жұмысын жалғастыруда. Қазір олардың қауіпсіздігіне төнетін төтенше жағдай тіркелген жоқ, – деді Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.
Израильде шамамен 170 қазақстандық бар. Бұған дейін Қазақстан тарапынан Иран мен Израильден қауіптің артуына байланысты 290-дан астам адам эвакуацияланған. Қайтарылған азаматтардың 230-ы Иран Ислам Респбликасында болған. Ал Изарильден қайтарылғандардың саны – 66.
Сыртқы істер министрлігі отандастарды осы елдерде сақтық шараларын ұстануға, елшіліктермен байланыста болуға және жергілікті билік нұсқауларын орындауға шақырады.