Иран мен Түркия екі жақты сауда-саттықта АҚШ долларының орнына ұлттық валюталарды пайдалану туралы келісімге келді. Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған Тегеранда ирандық әріптесі Хасан Роуханимен кездесуден кейін мәлімдеді. Енді екі ел өзара алыс-беріс келісімдерінде реал мен лираны қолданады. Сонымен бірге, Түркия мен Иран сауда-саттық көлемін арттыруға келіскен. Бұдан басқа, түрік банктері Иранда, парсы қаржы ұйымдары Түркияда өз филиалдарын ашпақ. Екі жақты ынтымақтастық энергетика саласында да нығайтылады.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
"Түркия мен Иран екі елдің арасындағы тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Біз экономикалық қарым-қатынастарымызды үнемі құбыла беретін валюта бағамынан қорғау үшін екеуара сауда-саттықта ұлттық ақшаларымызды қолдану туралы шешім қабылдадық".