Иран мен Үндістан үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілмек

640

Иран мен Үндістан үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілмек

 

Қазақстан енді шетелдік туристерге арналған виза құжаттарын электронды түрде қабылдайтын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Сондай-ақ, Иран және Үндістан үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілмек. Ведомство басшысының айтуынша мұның бәрі жаңадан құрылған "Қазақ Туризм" компаниясы аясында жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі аяқталғанша Қытай азаматтарына Алматы мен Астана арқылы қатынауға 72 сағаттық визасыз режим енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу