Бұл әрекет соғыс жариялаумен тең, деп хабарлайды inbusiness.kz mk.ru сайтына сілтеме жасай отырып.
The Wall Street Journal хабарлағандай, Иран жақын арада Сауд Арабиясы мен Ирак Күрдістанына шабуыл жасауы мүмкін. Патшалық АҚШ-пен барлау мәліметтерімен бөлісіп, Иранның шабуылы туралы ескертті, нәтижесінде американдық күштер жоғары дайындық жағдайына көшті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тегеран АҚШ, Ұлыбритания, Израиль мен Сауд Арабиясын елде наразылық ұйымдастырды деп айыптаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу