Иран мұнайын сатып алуға тыйым салынды

647

АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтті.

Иран мұнайын сатып алуға тыйым салынды

Иран мұнайын сатып алуға қатаң тыйым салынды. Бүгін Американың мемлекеттік департаменті осыған дейін рұқсат берілген 8 елдің енді Теһраннан шикізат тасымалдауына жол бермейді, деп хабарлайды Atameken Business.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қараша айында АҚШ Иранға қарсы шектеуді күшейткен. Дегенмен, Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Грекия, Италия, Тайвань мен Жапонияға Таяу Шығыстан аз да болса, мұнай сатып алуға жарты жылға рұқсат берілген еді. Оның мерзімі 2 мамыр күні аяқталады.

Онсыз да тұралап тұрған Иран экономикасы үшін бұл ауыр соққы. Елдің өнімін негізінен Үндістан мен Қытай көптеп тұтынатын. Енді олар Таяу Шығыстағы ең ірі импортерімен байланысты үзуге мәжбүр болады.

 "АҚШ-тың ядролық салаға қатысты шектеулері қараша айында басталған. Енді санкцияны одан әрі күшейте түсеміз. Оған қарсы әрекет еткен кез келген адам немесе ұйым қатаң жазаланады. Мен Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшелерін АҚШ-пен бірлесіп әрекет етіп, Иран режимін өзгертуге атсалысуға шақырамын", – дейді ­ АҚШ президенті Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу