Иран Нетаньяхудың кеңсесіне шабуыл жасады

131

Израиль бұған қатысты ресми ақпарат таратпады.

Иран Нетаньяхудың кеңсесіне шабуыл жасады Фото: әлеуметтік желіден

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне зымыранмен соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әскери операция барысында қылмыс режимінің премьер-министр кеңсесі, сондай-ақ оның әуе күштері қолбасшысының орналасқан жері "Хейбар" зымырандарымен атқыланды", – делінген Иранның мемлекеттік телерадиосы таратқан хабарламада.

Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрінің тағдыры әзірге белгісіз екенін хабарлады.

Айта кету керек, бұған дейін Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдегенін жазғанбыз. Иранның уақытша жоғарғы көсемі тағайындалды. Дональд Трамп Ирандағы әскери іс-қимыл қанша уақытқа созылатынын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу