Иран Ормуз бұғазында ереже бұзған кемелерді тәркілейді

456

Талаптарды бұзды деп танылған кемелердің тізімі арнайы онлайн-платформада жарияланды.  

Иран Ормуз бұғазында ереже бұзған кемелерді тәркілейді Фото: press.lv

Ормуз бұғазынан өту ережесін бұзған кемелерге бұдан былай шектеу қойылады. Иран билігі мұндай кемелерге айыппұл салып, ұстап, тіпті тәркілеуі де мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы 23 тамызда Иранның Парсы шығанағы бұғазы әкімшілігі (PGSA) мәлімдеді.

Парсы шығанағына немесе одан жүк тасымалдайтын компанияларға кеме жібермес бұрын талаптарды бұзған кемелердің тізімін арнайы сайттан тексеру ұсынылды. Бұл тасымалдау кезінде туындауы мүмкін мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді. Тегеран ереже бұзды деп таныған кемелердің тізімі онлайн-платформада жарияланған.

Бұған дейін 19 тамызда Axios басылымы АҚШ Қарулы күштері Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдайтын кемелердің өтуіне мүмкіндік беретін жасырын теңіз бағытын ұйымдастырғанын хабарлады.

Басылым жазуынша, Оман жағалауына жақын оңтүстік арна арқылы әр түні 15-20 мұнай танкері өтеді. Олар әлемдік нарыққа тәулігіне шамамен 10 млн баррель мұнай жеткізеді. Бұл соғысқа дейінгі тасымал көлемінің жартысына да жетпейді. Дональд Трамп әкімшілігінің шенеуніктері тиісті мұнай жеткізілімі әлемдік нарыққа "айтарлықтай әсер етіп жатқанын" мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу