Иран Ормуз бұғазының үстінде ұшып жүрген АҚШ барлау дронын қолға түсірді. Бұл туралы Ислам төңкерісі сақшылар корпусы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған құрылғы АҚШ қарулы күштерінің балансынан бірнеше жыл бұрын шығарылған. Алайда Вашингтон Иранмен қақтығыс ушығып, оқ-дәрі тапшылығы туындаған соң әскери дронды қайта пайдалана бастады. Штаттардың Орталық қолбасшылығы әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Ал, Иранның мемлекеттік БАҚ-ы бұл кемені Калифорниядағы Anduril қорғаныс компаниясы жасап шығарған Dive-LD атты ірі автономды су асты аппараты екенін хабарлады.
Компанияның мәліметінше, ұзындығы 5,8 метрді (19 фут) құрайтын бұл су асты аппараты миналарды залалсыздандыру, теңіз түбінің картасын жасау, деректерді жинау және кабельдер мен құбыржолдар сияқты су асты инфрақұрылымын тексеру секілді тапсырмаларды орындауға қауқарлы.