Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады

177

Иранға Iran International телеарнасы пайдаланатын спутниктің Түрікменстанға тиесілі екені жақпай қалды.  

Иран Орталық Азия еліне әскери ескерту жасады Фото: fergana.agency

Иран осы елге әскери сипаттағы ескерту жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Iran International телеарнасының мәліметінше, Иран "кейбір ұйымдар мен мемлекеттерге" ескерту жасаған. Егер Түрікменстан осы телеарнамен ынтымақтастықты жалғастырса, онда аталған арнаға байланысты нысандар мен инфрақұрылым Иран әскері үшін ықтимал нысанаға айналуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Басылымның жазуынша, Iran International Ұлыбритания аумағынан хабар таратады және сигналын Түрікменстанға тиесілі TürkmenÄlem 52E/MonacoSat спутнигі арқылы жеткізеді. Аталған спутник арқылы ондаған теле және радиоканал да эфирге шығады.

Телеарна Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, Иран қарулы күштерінің "Хатам әл-Анбия" әскери қолбасшылығының аты аталмаған өкілі мәлімдеме жасағанын хабарлайды.

"Сионистік медиа Iran International Иран халқына қарсы ақпараттық және психологиялық соғыс жүргізіп отыр. Осыған байланысты Иран тарапы телеарнамен жұмыс істейтін тараптарға ескерту жасап, қолдау жалғаса берсе, олар Иран Ислам Республикасының әскери нысаналар тізіміне енгізілуі мүмкін", – деді әскери өкіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу