Иран өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді

735

Украинадағы әскери шиеленіске байланысты барлық ирандықтарға осы елге барудан бас тартуға кеңес беріледі.

Иран өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді Фото: ТАСС

Иранның Сыртқы істер министрлігі бүгін өз азаматтарына Украинаға барудан бас тартуды, сол жерде тұратын ирандықтарды елден кетуге шақырды.

"Украинадағы әскери шиеленіске байланысты барлық ирандықтарға осы елге барудан бас тартуға кеңес беріледі. Сондай-ақ, Украинада тұратын ирандықтарды өз қауіпсіздігі үшін елден кетуді сұраймыз", – делінген сыртқы саясат ведомство хабарламасында.

Иранның Ресейге қару-жарақтар, оның ішінде арнайы әскери операцияда қолданылатын жауынгерлік дрондарды жіберуіне байланысты осы аптаның басында Украина СІМ Ислам Республикасымен дипломатиялық қатынастарды үзуге бастамашы болғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу