Мұндай уағдаластыққа екі елдің президенттері Шавкат Мирзиеев пен Ибрахим Раиса Самарқандта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммиті аясында қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz uff.uz-ға сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында тараптар бірқатар құжаттарға қол қойды, сондай-ақ елдер арасындағы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту туралы уағдаласты.
Өткен жылы бұл көрсеткіш 73%-ға өсті. Биылғы жылы өсім баяулап, жыл басынан бері 15%-ды құрайды.
Алайда келіссөздердің басты нәтижесі – Өзбекстанның Үнді мұхитының жағасында орналасқан Иранның "Чабахар" портын пайдалануға мүмкіндік беретін келісімнің бекітілуі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу