Бұл туралы Иран парламентінің мемлекеттік қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының басшысы Вахид Джаляль-заде Sputnik Iran-ға берген арнайы сұхбатында айтты, деп жазады Inbusiness.kz.
"Иранның қарулы күштерін аймаққа жіберудің қажеті жоқ, біздің аймақтағы достарымыз жеткілікті және олар керек болған жағдайда америкалықтар мен сионистердің мүдделеріне орны толмас зиян келтіре алатынына сенімдіміз. Әрине, Израиль бізді қақтығысқа қашан кіреді деп күтіп отырған болар. Олар Израильде қауіпсіз болмаса, онда бүкіл аймақта да тыныштық жоқ деп санайды. Иран, керісінше, аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатуға ұмтылады, сондықтан біздің қақтығысқа қатысу ойымыз жоқ", — деді Иранның әскери күш қолдану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген Джаляль-заде .
Парламентарий Иранның атысты тоқтатуға, Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету және Палестинаның мәртебесін анықтауға басымдылық беретінін атап өтті:
"Ислам Республикасы бірнеше жыл бұрын БҰҰ сайтында жарияланған құжатты ұсынды: Палестинаның тағдыры палестиналықтардың қолында болуы керек. Палестинада тұратын еврейлер, мұсылмандар мен христиандар, сондай-ақ Палестинадан қуылған және айналасындағы лагерлерде қоныстанғандар референдумда елдің болашақ тағдыры мен үкімет түрін өздері анықтауы керек. Бірақ алдымен біз сионистік режимнің Газа секторына жасаған шабуылдарын тоқтатуымыз керек".