Иран Президенті көлігі бұзылып, таксиге отыруға мәжбүр болды

506

Оқыс жағдай Иран басшысының бейресми сапары кезінде болды. 

Иран Президенті көлігі бұзылып, таксиге отыруға мәжбүр болды Фото: zerkalo.az

Иран президенті Масуд Пезешкиан көлік кортежінің істен шығуына байланысты таксиге отыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы NasrNews басылымы жазды.

Президенттің арнайы инспекторы Мустафа Молавидің сөзінше, оқиға Пезешкианның Тебриз қаласына жасаған бейресми сапары кезінде болған. Қазвин провинциясындағы жанармай құю бекетінде кортеждегі үш көлікке су аралас бензин құйылып, олар жолда бұзылып қалған.

Салдарынан ел басшысы Тебризге таксимен баруға мәжбүр болған.

"Масуд Пезешкиан бұл оқиғаға байланысты ешқандай ресми шара қабылдаған жоқ. Ол Тебризге жеке таксимен кетті", – делінген ақпаратта.

Басылымның жазуынша, тексеріс нәтижесінде аталмыш жанармай бекетінде осыған ұқсас заңбұзушылықтар тіркелгені белгілі болды. Соған қарамастан бекет өзінің жұмысын жалғастырып келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу