Иран президенті көрші елдерге жасалған шабуылдар үшін кешірім сұрады

114

Мемлекеттік телеарна арқылы халыққа үндеу жасаған Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші мемлекеттерге бағытталған шабуылдарға байланысты кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Irna басылымына сілтеме жасап.

Иран президенті көрші елдерге жасалған шабуылдар үшін кешірім сұрады Фото: oxu.az

– Шабуылдан зардап шеккен көршілерімізден кешірім сұраймыз. Біздің жетекшіміз бен ұстаздарымыз елімізге басып кірген жауға қарсы күресте қаза тапты. Қарулы күштеріміз елдің аумақтық тұтастығын қорғау үшін жанын аямай, қажет болса өзін құрбан етуге дайын екенін көрсетті. Қолбасшылары болмағанына қарамастан, олар жерімізді абыроймен қорғау үшін бар күшін салды. Біз көрші мемлекеттерге қарсы әрекет жасауды көздемейміз. Себебі олар бізге бауырлас елдер және біз әрдайым олармен бірге бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ұмтыламыз, – деді Иран президенті.

Оның айтуынша, Көшбасшының уақытша кеңесі бұдан былай көрші елдер тарапынан шабуыл жасалмаса, оларға қарсы әскери әрекетке бармау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар бұл мәселе дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі тиіс екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу