Иран президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға келеді

71

Бұл туралы Tehran Telegraph басылымы жазды.    

Иран президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға келеді Фото: ednews.net

Иран президенті Масуд Пешезкиан желтоқсан айында Қазақстан мен Түркіменстанға іссапармен баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Масуд Пешезкиан Решт қаласында өтіп жатқан Каспий елдері форумында осылай деп мәлімдеді.

Басылымның мәліметінше, ол Қазақстанға алғаш рет келеді. Президент Пезешкиан Каспий өңіріндегі барлық елмен саяси, экономикалық және мәдени байланысын кеңейтуді көздейді.

Иран сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арагчидің айтуынша, мемлекет басшысы теңіз жағалауындағы мемлекеттердің басшыларының бәрімен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу