Иран президенті НАТО-ның құлдырайтынын мәлімдеді

1270

Ибрахим Раиси Мәскеуде Владимир Путинмен бірқатар өзекті мәселені талқылады.   

Иран президенті НАТО-ның құлдырайтынын мәлімдеді

НАТО жүргізіп жатқан саясат түбінде оның құлдырауына әкеліп соғады. Иран Президенті Ибрахим Раиси осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Раисидің пікірінше, одақ түрлі желеулермен басқа елдердің аумағына енуде.

"НАТО Батыс моделін тарату барысында тәуелсіз мемлекеттерге қауіп төндіріп жатыр. Ақыр соңында бұл одақтың ыдырауына әкеліп соғады", – деді ол.

Ресей Президенті Владимир Путин 19 қаңтарда Кремльде Раисимен кездесті. Бұл – Раисидің президенттік қызметке кіріскеннен бері Мәскеуге алғашқы мәрте келуі. Мемлекет басшылары АҚШ санкцияларын, Ресей мен Иранның екіжақты қатынастарын, екі мемлекет арасындағы сауда көлемін арттыру мәселесін, сондай-ақ Иранның ядролық келісімін талқылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу