Иран президенті Путинмен Мәскеуде келіссөздер жүргізеді

389

Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі хабарлайды. 

Иран президенті Путинмен Мәскеуде келіссөздер жүргізеді Фото: AFP

Иран президенті Ибрахим Раиси 7 желтоқсанда Ресей лидері Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу мақсатында Мәскеуге бір күндік сапармен келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Иранның Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік атап өткендей, Раиси Путиннің ресми шақыруымен Ресей астанасына барады.

Көшбасшылар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Путин мен Раиси аймақтық және халықаралық проблемаларды, соның ішінде, Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуін және Газа секторындағы жағдайды талқыға салады.

Раиси Мәскеуге соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында келген. Бұл оның қызметіне кіріскеннен бері Ресей Федерациясына бірінші сапары болды. Содан кейін, Раиси Ресей астанасында екі күн болды. Сапар барысында ол Владимир Путинмен кездесіп, Мемлекеттік Думада да сөз сөйледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу