Иран президентін жерлеу рәсімі басталды

297

Негізгі жерлеу рәсімі бүгін таңертең Тегеран университетінде басталды.

Иран президентін жерлеу рәсімі басталды Фото: Иран президентінің кеңсесі

Сәрсенбі күні Иран астанасында Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахиян және тікұшақ апатынан қаза болғандарды жерлеу рәсімі басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты KazInform материалына сілтеме жасап.

Күні кеше Тебриз қаласында басталған қоштасу рәсімі Тегеран университеті алдындағы жерлеу рәсіміне ұласты. Иранның рухани көсемі, 85 жастағы аятолла Али Хаменеи Тегеран университетінде марқұм президент Раисидің жаназасын шығарып, жексенбі күнгі апатта қаза тапқан Раиси мен басқа да ирандық шенеуніктерге дұға оқыды. Жаназаға Иран президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер және басқа да ресми тұлғалар қатысты. 

Марқұмдардың табыттарына Иран туы тігілген, ал Раисидің табытында оның Мұхаммед пайғамбардан тікелей шыққанын білдіретін қара тақия бар. Тегеран университеті мен оның маңайында көптеген адам Раисидің суреттерін ұстады. Алаңның айналасынан марқұм президентті мадақтаған транспаранттарды көруге болады.

Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар қатысатын шерулер университет жанынан басталып, орталық Энгелаб (Революция) алаңына қарай бет алды. Шеру одан кейін Энгелаб алаңынан табыттарды президент Раиси өткенде сөз сөйлеген шамамен 5 шақырым жерде орналасқан Бостандық алаңына апарады. 

Жерлеу рәсіміне Иранның әскерилендірілген Ислам революциясы Сақшылар корпусының жоғары лауазымды жетекшілері, сондай-ақ ХАМАС басшысы Исмаил Хания де қатысуда.
Сонлай-ақ көңіл айтып келгендер қатарында Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шиа ас-Судани, Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф, Үндістан вице-президенті Джагдип Дханхар, Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володин, Ауғанстаннан келген Талибан өкілдері, соның ішінде Сыртқы істер министрі Амир Хан Мутакки бар. 

Ал Қазақстаннан жерлеу рәсіміне Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысатынын еске саламыз. Мұндай бұйрықты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Иран президентінің жерлеу рәсімі 23 мамыр күні кешке Мешхедтегі имам Реза кесенесінде өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу