Президент мінген тікұшақтағылардың бәрінің денесі табылды

508

Қаза тапқандардың денелерін іздеу жұмыстары аяқталды.

Президент мінген тікұшақтағылардың бәрінің денесі табылды Фото: tasnimnews

Иран президентінің тікұшағындағылардың барлығының денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Президенттік тікұшақ апатынан қаза тапқандардың барлық денелері апат орнынан жедел жәрдем көліктеріне жеткізіліп, Табризге жеткізіледі... Қаза тапқандардың денелерін іздеу жұмыстары аяқталды", - деді Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Тікұшақ бортында: Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян, иранның шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Табриз провинциясының аятолла Али Хашим болды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу