Тікұшақ апатына "көктемгі кезеңдегі аймақтың күрделі климаттық әрі атмосфералық жағдай" мен "ауадағы тығыз тұманның қалың массасының" кенеттен пайда болуы себеп болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұндай қорытындыға апаттың себептерін тергеу жөніндегі комиссия келді, деп хабарлайды Иранның Mehr агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша, комиссия "апатқа ұшыраған тікұшақтың техникалық, инженерлік, электронды әрі навигациялық сипаттамаларын мұқият зерттеді" және апаттың басқа себептерін жоққа шығарып, тікұшақтың таумен соқтығысқанын анықтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу