Иран, Ресей Түркия ДАИШ-пен күресін жалғастырады - бірлескен мәлімдеме

995

Иран, Ресей Түркия ДАИШ-пен күресін жалғастырады - бірлескен мәлімдеме

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада өткен сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу (Астана процесі) бойынша Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесін жария етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Біз бұл келіссөздерге БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы елшісінің қатысуын бағалаймыз және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі кепіл беретін мультиэтникалық, көпконфессиялы ел ретінде Сирия Араб Республикасының егемендігі мен тұтастығы идеясынан айнымайтындығымызды қуаттаймыз. Біз бұл мәселенің әскери шешімі жоқ екендігіне сенімдіміз және ол БҰҰ ҚК-нің 2354 қарарын жүзеге асыру негізіндегі саяси процеспен ғана шешіле алады" – делінген бірлескен мәлімдемеде.

Оның айтуынша, мәлімдемеде БҰҰ ҚК қарарында соғысты тоқтату режіміне шоғырландырудағы тараптардың нақты қадамдары мен жауапкершілігі, зорлық-зомбылықты төмендету, сенімді қалпына келтіру, сонымен қатар Сириядағы азаматтық тұлғалардың жүріп-тұруын қорғау қарастырылған.

"Үшжақты механизм құру туралы шешім қабылданды. Ол соғысты тоқтату режімінің толық сай келуін, арандатушылықтың болмауын және басқа да тиісінше мәселелерді қадағалауы тиіс. Біз ДАИШ-ке қарсы күресімізді жалғастыратындығымызды және олардан қарулы оппозицияның басқа бөліктерін бөлуді қуаттаймыз", – деді  мәлімдемені оқыған Қайрат Әбдірахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу