Иран ресми түрде кепілдік беруші мемлекеттердің қатарына қосылды

757

Иран ресми түрде кепілдік беруші мемлекеттердің қатарына қосылды

Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөзі барысында Иранның ресми түрде кепілдік беруші мемлекеттер қатарына қосылғаны белгілі болды. Бұл туралы Ресей президентінің сириялық реттеу мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.

"Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөзінде маңызды шешім қабылданды. Нақтырақ айтсам, Иранды кепілдік беруші мемлекеттердің қатарына қосу жөніндегі құжатқа қол қойылды. Нәтижесінде Иран ресми түрде Ресей, Түркия тәрізді кепілдік беруші мемлекеттердің қатарына қосылды", - деп түйіндеді Ресей өкілі сөз соңын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу