Ресми Тегеран Сауд Арабиясындағы мұнай нысандарына шабуылға Иранның қатысы жоқ екені туралы нотаны АҚШ-қа жолдады. Бұл туралы ISNA агенттігі хабарлады.
Бұған дейін Йемендегі Сауд Арабиясы жетекшілік ететін араб коалициясы корольдіктің мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуыл ирандық қарудың көмегімен жүзеге асырылды деп мәлімдеген еді.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте Саудияның мұнай нысандарына және мұнай өндіретін әлемдегі ең ірі зауытқа 10 дрон шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 13 кәсіпорынды өрт шарпыған. Бұл нысандарда күніне 6 млн баррель шикізат өндіріледі.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео шабуылды Иран жасады деп айыптаған болатын. Бірақ ресми Тегеран өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты. Шабуылды Йемендегі көтерілісші хуситтер тобы мойнына алды.
Табиғат Нұрболат