Иран сес көрсетіп отыр

585

Ресми Тегеран ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнен шығуы мүмкін.  

Иран сес көрсетіп отыр

Егер де ирандық ядролық бағдарлама мәселесі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде талқылауға шығарылса, ел билігі осындай қадам жасамақ. Иранның Сыртқы істер министрі Джавад Зариф осылай деді.

Бірақ бұған дейін де жергілікті мемлекеттік Press TV арнасы елдің келісімнен шығатынын жариялаған болатын.

Айта кетейік, 2020 жылдың басында Иран ядролық келісім бойынша соңғы міндеттемені орындамайтынын айтып, ядролық бағдарламаға қатысты шектеулер қалмады деп жариялаған болатын.

Десе де Тегеран атом қуатының халықаралық агенттігімен жұмысын жалғастыруда. Бірақ егер елге қарсы салынған санкциялардың күші жойылса, міндеттемелерді қайтадан орындауға кет әрі емес екенін жеткізді. Ал Германия, Франция және Британия болса, осыған қатысты дауларды шешу үшін ядролық келісім аясында арнайы механизмді іске қосқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу