Иран ШЫҰ-ға ресми түрде мүше болды

384

Беларусь та ұйымға кіруге ниет білдірді.

Иран ШЫҰ-ға ресми түрде мүше болды Фото: Риа Новости

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 4 шілдедегі онлайн отырысының қорытындысы бойынша Иран ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Иранның ШЫҰ-ға кіруі ұйымға мүше елдердің онлайн саммит қорытындысы бойынша қабылдаған декларациясында айтылған.

"Мүше мемлекеттер Иран Ислам Республикасының ШЫҰ-ға толыққанды мүше мемлекет ретінде қабылдануының тарихи маңызына тоқталды. Сондай-ақ олар ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу үшін Беларусь Республикасының міндеттеме меморандумына қол қоюының маңызын атап өтті", – делінген құжатта.

Осылайша, Иран Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірге ШЫҰ-дағы тоғызыншы мемлекет болды. 

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу