Иран ШЫҰ-ның бірыңғай валютасын құруды талқылауды ұсынды

225

Ортақ валюта заманауи технологияларға негізделуі керек. 

Иран ШЫҰ-ның бірыңғай валютасын құруды талқылауды ұсынды Фото: akorda.kz

Иран президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының бірыңғай валютасын құруды байыпты талқылауды ұсынды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"ШЫҰ-ның әлемдегі және өңірдегі рөлін күшейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі бірлестікке қатысушылар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту болуы мүмкін. Бұл салаға ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту немесе серпінді технологияларға негізделген ортақ валютаны [құру] жатады", – деп атап өтті ол Астанада өткен "ШЫҰ плюс" отырысында.

Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен "ШЫҰ+" саммиті өтіп жатқанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу