Иран СІМ орынбасары Сирия бойынша келіссөзге қатысу үшін Астанаға келеді

817

Иран СІМ орынбасары Сирия бойынша келіссөзге қатысу үшін Астанаға келеді

Иран Астанада 23 қаңтарда өтетін Сирия бойынша келіссөздерге  қатысады, ирандық делегацияға сыртқы істер министрінің орынбасары Хоссейн Джабери Ансари жетекшілік етеді, деп хабарлайды Иранның сыртқы істер министрлігінің дерегіне сүйеніп "Спутник Қазақстан". 

Астанадағы келіссөздер Қазақстан, Ресей, Иран және Түркия президенттері арасындағы келісімге сәйкес жүргізілетін болады. Келіссөздердің бастамашысы – Иран, Ресей және Түркия. Қазақстан келіссөздер үшін алаң ұсынады. Қатысушылар гуманитарлық және саяси мәселелерді, атап айтқанда Сирияда атысты тоқтату тәртібін талқылайды деп күтіледі. 

"Иран, Астанада келіссөздер өткізу бастамашыларының бірі ретінде, мұны соғыс пен гуманитарлық дағдарысқа нүкте қойып, өңідегі тұрақтылық пен бейбіттің орнауына ықпал ету үшін, саяси реттеуге қол жеткізу үшін Сирия үкіметі мен оппозициясы арасында диалог орнатуға мүмкіндік деп санайды", — делінген хабарламада.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу