Иран соты АҚШ-тың бірқатар құрылымдары мен тұлғаларын 313 миллион доллар төлеуге міндеттеді

664

АҚШ Үкіметіне, бірқатар шенеуніктеріне және құрылымдарына қатысты арызды 2017 жылы Тегеранда болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың отбасы мүшелері берген.   

Иран соты АҚШ-тың бірқатар құрылымдары мен тұлғаларын 313 миллион доллар төлеуге міндеттеді Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Ирандағы сот АҚШ үкіметі мен бірқатар америкалық шенеуніктерді, соның ішінде бұрынғы президенттер Джордж Буш пен Барак Обаманы 2017 жылы ДЕАШ террористік ұйымы жасаған Тегерандағы шабуылдар үшін шамамен 313 миллион доллар өтемақы төлеуге үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

АҚШ-тың бұрынғы Президенттері Обама мен кіші Буштен бөлек Тегерандағы лаңкестік әрекетке қатысушылардың тізіміне мыналар кірді: Орталық барлау басқармасы (ОББ), АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) бұрынғы CENTCOM командирі Томми Фрэнкс, Қаржы министрлігі, Lockheed Martin және American Airways Group. Бұл адамдар мен құрылымдар террористік топтарды, соның ішінде ДЕАШ содырларының әрекеттерін ұйымдастыруда және басқаруда іргелі рөл атқарды деп айыпталды.

Сот АҚШ үкіметін, мекемелері мен шенеуніктерін материалдық шығын үшін 9 миллион 950 мың доллар, моральдық шығын үшін тағы 104 миллион доллар және айыппұл ретінде 199 миллион доллар өтемақы төлеуге үкім шығарды. Бұл қаражаттың барлығы Тегерандағы террорлық шабуылда қаза тапқандардың отбасыларына төленуі керек.

2017 жылғы 7 маусымда Тегеранда болған террорлық шабуылдан 12 адам қаза тауып, Ислам Республикасының тағы 43 тұрғыны жарақат алды. Иран парламенті мен Хомейни кесенесіне бірқатар шабуылдар жасалды.

Шабуыл үшін жауапкершілікті террористік ұйымдардың бірі өз мойнына алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу