Келесі аптада Бейжіңге Ақ басшысы ат басын тірейді. Аббас Аракчи қытайлық әріптесі Ван Имен бұл сапарға бір апта қалғанда кездесіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің басқосуы 14 және 15 мамыр аралығына жоспарланып отыр. Екі жақ Таяу Шығыстағы шиеленіс пен Ормуз бұғазы жайын талқылайды.
Құрама Штаттардың Қаржы Министрінің айтуынша, Ақ үй басшысы Иран мәселесіне Бейжіңнің араласуын сұрауы мүмкін. Өйткені Қытайдың Ислам Республикасымен қарым-қатынасы жақсы.
"Бұған ресми Бейжіңнің өзі де мүдделі", – дейді Скотт Бессент.
Себебі, Қытай мұнай мен газдың көп бөлігін Ормуз бұғазы арқылы тасымалдайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу