Иран тарихында Олимпиададан жүлде бұйырған жалғыз әйел елден кетті

715

Ол Иран билігі спортшыларды саясатқа пайдаланып отыр деген пікірде.

Иран тарихында Олимпиададан жүлде бұйырған жалғыз әйел елден кетті

Иран тарихында Олимпиада жүлдесін ұтқан алғашқы және жалғыз әйел спортшы Иран мемлекетінен біржолата кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

2016 жылы Олимпиада ойындарында таэквондодан қола жүлдегер атанған Кимия Әлизаде бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жазды. Ол Иран билігі спортшыларды саясатқа пайдаланып отыр деген пікірде.

"Ирандағы қорлық көріп келген миллиондаған әйелдің бірімін. Олар бізбен әлі күнге дейін ойнап келеді. Мен олардың айтқанын киіп, айтқандарын қайталап келдім",– деген жазбасында.

Бұдан бөлек, Әлизаде: "Тек таэквондоны, қауіпсіздікті және бақытты өмір мен мықты денсаулық қалайтынын", – деп жазды.

Ал, Иранның жартылай мемлекеттік агенттігі Әлизадехтің елден кеткенін Иран таэквондосына соққы деп бағалап, оның Нидерланды еліне кеткенін жазды.

Айта кетсек, бұған дейін дзюдодан Иран құрамасының мүшесі, әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері Саид Моллаеи де елден кетіп қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу