Иран Украина мен Ресейге қару-жарақ жеткізуге қарсы

541

Тегеран Ресейге ұшқышсыз ұшатын апараттар жіберілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Иран Украина мен Ресейге қару-жарақ жеткізуге қарсы

Иранның Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан журналистер сұрақтарына жауап беру барысында Тегеран Украинадағы қақтығыс тараптарының ешқайсысын қолдамайтынын және кез-келген тараптың Киев пен Мәскеуге қару-жарақ жіберуін құптамайтынын жеткізді.

"Бізде Ресеймен қорғаныс ынтымақтастығы туралы келісім бар. Бірақ біз Украина жеріндегі қақтығыстағы тараптардың ешқайсысын қолдамаймыз, мұндай жағдайда бірінің сөзін сөйлеу бейбіт күнді алыстата түседі. Біз Украинада, Йеменде немесе Палестинада болсын, кез-келген соғысқа қарсымыз. Сондықтан Украинада бейбітшілік орнатып, атысты тоқтатуға барынша күш салдық. Біз Украинаға да, Ресейге де қару жіберу дұрыс емес деп санаймыз. Тек саяси диалогқа негізделген келіссөздер арқылы дағдарыстың аяқталуына ықпал етуді жалғастырамыз", – деді Абдоллахиан АҚШ-тағы Al-Monitor интернет-басылымына берген сұхбатында Ресейге дрондар жеткізу туралы сұраққа жауап ретінде.

Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова бұған дейін Ресейдің Ираннан әскери дрондарды сатып алғаны туралы ақпарат американдық БАҚ-та негізсіз тарағанын айтқан. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Washington Post басылымына Ресей Федерациясына ирандық дрондарды жеткізу туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып, бұл басылым кейінгі кездері жалған ақпаратты жиі жариялайтынын сөз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу