Иран соты украиналық ұшақ апатына қатысы бар бірнеше кісіні қамауға алды. Елдегі сот өкілі Голамхоссейн Исмаил осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады Иранның Press Tv деп аталатын мемлекеттік арнасы.
Бұған дейін ресми Тегеран әуе кемесін абайсызда қағып құлатқанын мойындаған болатын. Әзірге ресми өкіл нақты кімдердің ұсталғанына және қашан қамауға алынғанына қатысты ақпарат бермеді. Ол тек тергеудің бастапқы кезеңінде екенін айтты.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу