Иранның Сыртқы істер министрі Жавад Зариф ирандық әскерилердің Тегеран түбінде украиндық жолаушылар ұшағын атқанына кешірім сұрады.
"Көңілсіз күн. Қарулы Күштердің ішкі тергеуінің алдын-ала қорытындылары: АҚШ авантюризмі салдарынан болған дағдарыс кезіндегі адам қателігі апатқа әкелді",– деп жазды Зариф твиттерде.
"Біз қатты өкінеміз, өз халқымызға, қаза болғандардың отбасына және өзге де зардап шеккен елдерден кешірім сұраймыз және көңіл айтамыз",– делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу