Иран Фордодағы ядролық нысанда уранды 20%-ға дейін байытты.Бұл туралы елдегі Атом Энергиясы Ұйымы хабарлады.
Ескере кететін жайт, ядролық келісім шарттары бойынша Тегеран уранды 3,67% деңгейінде байытуы тиіс еді. Алайда билік көрсеткішті 4%-дан асырды. Иранда "санкцияларды алып тастау жөніндегі стратегиялық шара" туралы заңды ратификациялады. Құжат бойынша байыту деңгейі 20% және одан да жоғары болатын уран өндірілмек.
Егер заң күшіне енгеннен кейін екі ай өткен соң тараптар келісімді орындамаса, Иран үкіметі МАГАТЭ-мен арадағы ядролық қызметті тексеру бойынша қосымша хаттамадан бас тартуы тиіс екені осы заңда жазылған.
Депутаттар банк операцияларын қалыпқа келтіруді, сонымен қатар Еуропаға мұнай экспорттауға мүмкіндік жасауды талап етіп отыр. Жергілікті биліктің айтуынша, шикізатты Еуропаға шығаруға АҚШ санкциялары кедергі келтіруде.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com