АҚШ пен Израильдің ауқымды соққыларының өзі Иранның ядролық жоспарына толық зиян келтірмеген. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік басшысы Рафаэль Гросси бүгін CBS телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
"Иранда энергия бар және ол өздерінде қалды. Алдағы бірнеше айда, мүмкін одан да ертерек оларда айнала отырып, байытылған уран өндіретін бірнеше центрифуга каскады болуы мүмкін. Оларда бәрі құрыды, онда ештең жоқ деуге болмайды. Иранның атом бағдарламасына шығын келтірілді, бірақ бәрі түгел жойылған жоқ. Оларда өнеркәсіп және технологиялық қуаттар бар. Сол себепті егер қаласа, олар оны жасауды қайта бастай алады", - деді ұйым басшысы.
25 маусым күні Иран парламенті МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату туралы заңды қабылдады.
Ұйым өкілдері енді инспекция жүргізу үшін елге кіре алмайды. Заң жобасын әлі Иранның Конституциялық сақшылар кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесі мақұлдауы керек.