Иран уран байытуды уақытша тоқтатты

314

Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Fox News телеарнасына берген сұхбатында осылай мәлімдеді.  

Иран уран байытуды уақытша тоқтатты Фото: 24.kg

Иранда уран байыту уақытша тоқтатылды. Бірақ бұл ресми Тегеранның уран байыту жұмыстарынан толық бас тартуын білдірмейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, қазір Ирандағы Атом энергиясы ұйымы ядролық нысандарға келген залалдың ауқымын және байытылған уран қорының жағдайын бақылап, шығын мөлшерін есептеп жатыр. АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған шабуылынан кейін біраз нысан қираған.

Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп "қажет болып жатса", Иранның ядролық нысандарын тағы да атқылайтынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу