Иран уран байытуға қатысты шектеулерден бас тартты

180

Егер АҚШ санкциялардың күшін жойса, келісім шарттарын орындауы мүмкін.  

Иран уран байытуға қатысты шектеулерден бас тартты

Ресми Тегеран 2015 жылғы ядролық келісімде белгіленген шектеулерді орындамайтынын жеткізді. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады. Иран билігінің мұндай шешімге келуіне түрткі болып отырған аймақтағы шиеленістің өршуі, яғни Дональд Трамптың бұйрығымен Иран генералы Касем Сулейманидің өлтірілуі.

Енді Тегеран ядролық зерттеулерді келісімге қарамай-ақ жүргізе бермек. Билік уран байытуға арналған центрифугалар санына және жиналған байытылған уран мөлшеріне қатысты міндеттемелерді орындамайтын болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 8 мамырында Иран президенті Хасан Рухани ядролық бағдарламаны қайта жандандыратынын мәлім еткен еді. Өйткені АҚШ 2018 жылы ядролық келісімнен шығып, Иранға қарсы санкцияны қайта күшіне енгізген болатын.

Дегенмен 5 қаңтарда билік егер АҚШ санкциялардың күшін жоятын болса, "Бірлескен жан-жақты іс-әрекет жоспары" аясында өз міндеттемелерін орындауға дайын екенін жеткізді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу