Иран ядролық келісімге қандай жағдайда оралатынын айтты

677

Бұған дейін Венада ядролық мәміле жөніндегі бірлескен комиссия отырысының кезекті раунды өтті.

Иран ядролық келісімге қандай жағдайда оралатынын айтты Фото: reuters.com

Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арагчи АҚШ-пен арадағы ядролық келісімге қандай жағдайда оралатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, ол үшін Вашингтон 1,5 мың адам мен компанияға қарсы жарияланған санкцияларды тоқтатуы керек. 

Шектеу шараларының қатарына салалық санкциялар мен жеке және заңды тұлғаларға қарсы санкциялар кіреді.

"Барлық санкциялар алынып тасталуы керек. Меніңше, бұны қос тарап та түсініп отыр", – деді Арагчи.

Бұған дейін Венада ядролық мәміле жөніндегі бірлескен комиссия отырысының кезекті раунды өтті. Кездесуге қатысқандар осы келісімнің ережелерін толық орындау мәселелерін талқылады. Арагчидің айтуынша, барлық қиындықтар мен түйткілдерге қарамастан келіссөздер процесі сәтті өтуде. Енді келесі кездесу алдағы аптаның басында ұйымдастырылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу