Иран ядролық келісімге қатысты келіссөздерді бастайды

646

Вашингтон Тегеранды ядролық қару мәселелері бойынша диалогты тезірек бастауға үндеген еді.

Иран ядролық келісімге қатысты келіссөздерді бастайды

Жақын арада Иран үкіметі Вена қаласында ядролық келісімге қатысты келіссөздерді қайта бастайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Иранның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Саид Хатибзаденің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз бұл процесті мүмкіндігінше кешіктірмеуге тырысамыз", – деді ол.

Хатибзаденің айтуынша, Тегеран келіссөздерге қатысатындардан шынайылықты күтеді. Сондай-ақ Иран Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары шартының шеңберінен шығатын міндеттемелерді орындаудан бас тартады.

Бұған дейін АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Иран үкіметі ядролық келісім туралы шешім қабылдамады және келіссөздерді бастамайды деп айтқан еді. Вашингтон Тегеранды ядролық қару мәселелері бойынша диалогты тезірек бастауға үндеді. 
Иран бойынша Бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспарының шартын 2015 жылдың жазында Тегеран мен алты мемлекет (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Франция) бекітті. Кейінірек Иран келісімнің кей тармақтарын орындамады деген айып тағылды. 2018 жылдың мамырында АҚШ келісімнен шығып, Иранға қарсы санкция енгізді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу