Иран ядролық келісімге қатысты міндеттемелерін қысқартты

925

Роухани бұл мәлімдемені АҚШ-тың Иранға қарсы бағытталған санкцияларды кеңейткенінен кейін жасады.  

Иран ядролық келісімге қатысты міндеттемелерін қысқартты

Иран президенті Хасан Роухани Тегеранның міндеттемелерді қысқартудың үшінші сатысын бастайтынын жариялады. Оның айтуынша, осылайша Иран центрифугалардың жаңа түрлеріне керек зерттеулерді жүргізіп, уранды елге қажетті деңгейде өндіретін болады. Сондай-ақ ол үшінші саты аясындағы жұмыстардың бейбіт түрде өткізіліп, елдің атом қуаты халықаралық агенттігімен серіктестігі жалғасатынын тілге тиек етті. 

Роухани бұл мәлімдемені АҚШ-тың Иранға қарсы бағытталған санкцияларды кеңейткенінен кейін жасады. 

"Ирандағы "Ислам төңкерісі корпусының күзеті" үкімет емес лаңкестік ұйым ретінде әрекет етуде. Сондықтан осындай қадамға бардық", - дейді АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Брайан Хук. 

АҚШ билігінің ойынша, Иранға жасалған қысым ядролық келісім бойынша келіссөздердің алға басуына септігін тигізбек.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Вашингтон мен Тегеран арасындағы дауды шешу мақсатында ұсыныс жасаған еді. Оған сәйкес, Құрама Штаттар еуропалық компанияларға Ираннан мұнай сатып алуға келісімін беріп немесе Иранға 15 млн доллар көлемінде неси беруі тиіс болатын. Бірақ АҚШ Макронның бұл ұсынысынан бас тартты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу