Иранның мемлекеттік телерадиокорпорациясы басшысының орынбасары Хасан Абедини Иран билігі АҚШ-тың соққы бағыттаған 3 ядролық нысанды алдын ала эвакуациялап үлгергенін мәлімдеді.
"Байытылған уран қоры ядролық орталықтардан әкетілді, бұл нысандарда радиация таралуы немесе азаматтарымызға зиян келтіруі мүмкін ешқандай материал қалмаған", – деді ол тікелей эфирде.
Иран парламенті төрағасының кеңесшісі Мехди Мохаммади де Фордо ядролық объектісіне шабуыл болатынын Тегеран алдын ала білгенін, сол себепті бұл нысаннан барлық материалды уақытылы шығарылғанын, ал келген залалдың орны толтырылатынын мәлімдеді.
Америкалық Maxar компаниясы спутниктік бақылау нәтижесіне сүйеніп, АҚШ соққы жасардан екі күн бұрын Фордо маңында жүк көліктері мен техниканың "ерекше белсенділігін" байқағанын хабарлады.
Бұл байытылған уранды нысаннан шығарумен байланысты болуы мүмкін.