Иран жетілдірілген центрифугалар көмегімен уранды байыта бастады

911

Осылайша Тегеран ядролық келісімнің "Бірлескен жан-жақты іс-әрекет жоспарын" бұзып отыр. 

Иран жетілдірілген центрифугалар көмегімен уранды байыта бастады

Халықаралық атом қуаты агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Тегеран центрифугалар санын көбейтуді қолға алған. 

Айта кетейік, 2018 жылы 8 мамырда АҚШ ядролық келісімнен шығып, Иранның мұнай экспорты саласына санкция жариялағаннан кейін, Иран ядролық келісіміне қатысты біраз дау туды. 2019 жылдың мамыр айында ресми Тегеран келісімде бекітілген міндеттемелерін орындаудан бас тартқан болатын. Ал шілдеде уран байыту көлемін 3,67 пайыздан асырды. Иран билігі егер де келісімге қол қойған өзге мемлекеттер уағдаластықты орындамаса,өз міндеттемелерін әр 60 күн сайын қысқарта беретінін басып айтты.

Ал 6 қыркүйекте Тегеран міндеттемелерді қысқартудың үшінші кезеңіне өткенін мәлімдеді. Яғни атомға қатысты зерттеулерді шектеуден бас тартты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу